Жарнама
Саясат

МҮМКІНДІКТІҢ ШЕКТЕУЛІГІ САЙЛАУҒА КЕДЕРГІ БОЛМАДЫ

 

Яғни, «бұл – әр адамның саяси науқаннан қалыс қалмай, өз еркін білдіруі қажет» деген сөз. Осыған орай, сайлау комиссиясының мүшелері жылжымалы жәшіктермен  үй-үйді аралап, заң талабы бойынша өздігінен жүре алмайтын мүгедектерге де қызмет көрсетті. Қамкөңіл жандардың құқықтары қорғалып, сайлауға қатысуға қолайлы жағдай жасалды. Мүгедек жандар да өздерінің азаматтық борыштарын орындады. Ешқандай олқылықтар орын алмады, заң  бұзушылықтар байқалмады.

Мүмкіндігінің шектеулігіне қарамастан сайлау учаскесіне келіп, дауыс бергендер де көп болды. Мемлекет басшысы тарапынан халықтың, оның ішінде, әсіресе, мүгедектердің мұң-мұқтаждары қашан да назардан қалыс қалмады, алда да бұл игілік жалғасын табатынына сенемін.  Ауа райы да жайлы болып, сайлаушылар өз таңдауларын жасап, нұрлы болашағымыз үшін тағы бір шешуші сәтті бастарынан  өткізіп, еліміздегі демократияның кеңінен өрістеуіне негіз қаланғанына куә болдық.

Гүлбаршын НҰРЖІГІТОВА,

«Мүгедек әлемі» үкіметтік емес ұйымының төрайымы. 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button