Құлсарыға қаржы бөлінбек…

1svjrdrfnhc Саясат

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Ғұмар Дүйсембаев пен Сағындық Лұқпанов Құлсары қаласындағы қалыптасқан ахуалға алаңдаушылығын білдіріп, биыл 18 наурызда республика Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың атына депутаттық сауал жолдаған болатын.

Мәселенің €өзектілігін атап к€өрсеткен депутаттар хатта Құлсары қаласының инженерлік инфрақұрылымы, ауыз сумен қамту, апатты тұрғын үйлер, ірі кәсіпкерлерден түсетін салық түсімдерін моноқалаларды дамытуға бағыттау, мүгедек балаларға арналған оңалту орталығын салуды Үкімет басшысынан сұраған еді. Бұл мәселеге Әлихан Асханұлы ерекше маңыз беріп, Сенат депутаттарына жауап берді.

Бұдан бұрын шағын қалаларды дамыту бойынша негізгі тəсілдер «Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» арқылы қамтылған еді. Қазір олардың проблемасы мен дамыту жолдары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі аумақтық даму жоспарында егжей-тегжейлі баяндалған. Осы құжаттың шеңберінде моноқалаларды дамытуға сараланған тəсіл жəне оларды да[1]мыту перспективаларына сүйене отырып, белгілі бір басымдық беру қолданылып отыр. Алайда, даму əлеуетіне қарамастан, мемлекет əрбір шағын қалада Өңірлік стандарттар жүйесінің талаптары деңгейінде базалық мемлекеттік жəне əлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Аталған жүйе елдің Ұлттық экономика, Білім жəне ғылым, Денсаулық сақтау, Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму, Мəдениет жəне спорт, Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлерінің 2019 жылғы сəуір айындағы бұйрықтарымен бекітілген.

Ал, сенатоларға Үкімет басшысының жауабында Құлсары қаласының инженерлік инфрақұрылымы нақты айтылған: «Базалық инфра құрылымдық көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі көрсеткіштер мен іс-шаралар «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру есебінен қамтамасыз етілетін болады. Мəселен, Ұлттық жоба аясында моноқалалардың инженерлік жəне көліктік инфрақұрылымын дамытуға 2025 жылға дейін 83 милли[1]ард теңге мөлшерінде қаржыландыру қарастырылған. 1,8 мың километр инженерлік желі салынып, жаңғыртылады.

Бұдан басқа, 2022 жылы Құлсары қаласын электрлендіруді реконструкциялауды бастауға 200 миллион теңге бөлінді. 2022 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде қосымша 2,5 миллиард теңге бөлу жоспарлануда». Əлихан Асханұлы хатта бұл қаржыны жіліктеп шағып көрсетіпті. Ат ап айтқанда, Құлс арыдағы электрлендіруді реконструкциялауды жалғастыру үшін – 100 миллион, Құрсай өзені арқылы Нұрманов Сариев көшелерін жалғайтын көлік көпірінің құрылысына – 400 миллион, Құлсарыдағы шағынауданының жаяу жүргінші жолы бар көлік жолын салуға 2 миллиард теңге бөлінеді екен. Ал, республика Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жалпы батыс өңірін ауыз сумен жабдықтаудың баламалы көзі ретінде Ақтөбе облысындағы Көкжиде жерасты су кенішін пайдалану нұсқасын қарастырып отырғанын да Ə.Смайылов өз хатында атап көрсеткен.

«…2019 жылдан бастап Ақтөбе облысының əкімдігі кен орнын жете барлау жұмыстарын жүргізді. Соның нəтижесінде бекітілген су қоры (196,5 мың м3) төмендеп, тəулігіне 173 мың текшеметрден астам көлемді құрады. Жобаны іске асыру алдағы уақытта Атырау, Ақтөбе жəне Маңғыстау облыстарындағы елді мекендерді ауыз сумен жабдықтауға мүмкіндік береді», – делінген хатта. Құлсарыдағы көп қабатты 231 үйдің жағдайы да Премьер-Министрдің назарынан тыс қалмаған. Екі қабатты 132, үш қабатты 14, төрт қабатты 5, бес қабатты 80 үйдің 132-сі өткен ғасырдың орта тұсында салыныпты.

Əлихан Асханұлы өз жауабында тозығы жеткен үйлерді бұзу жəне жер аумағын реквизициялау тəртібімен азаматтарды көшіру үшін «Реновация» бағдарламасы қабылданғанын айтқан. Қазір осы бағдарлама негізінде Атырау қаласында жеке инвесторлар тартылып, үйлер салынып жатқанын да атап көрсетіпті. Алайда, инвесторлардың Құлсары қаласына қызығушылық танытпауына байланысты қиындықтар туындап отыр екен. «Бұл ретте «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына сəйкес бюджеттік қаражат есебінен салынған үйлер мұқтаж тұрғындарға кезек тəртібімен беріледі. Сондықтан, осы күрделі жағдайға тап болған үйлердегі жұмыстар бюджет есебінен немесе демеушілерді тарта отырып жүргізілуде.

Қазір Құлсары қаласында 3 үй техникалық сараптама қорытындысы бойынша авариялық деп танылған болатын. 2021 жылы жергілікті бюджеттен қаражат (460,4 миллион теңге) бөлініп, Құлсарыдағы 2 авариялық үйдің тұрғындары толығымен көшірілді. Биыл қалған 1 авариялық үйдің (8 пəтер) тұрғындарын көшіру жоспарланып отыр. Тұтастай алғанда, Құлсары қаласының Бас жоспарына сəйкес тозығы жеткен 132 көп қабатты үйді кезең-кезеңімен бұзу жұмыстары аталған үйлерді техникалық тексерудің қорытындысы бойынша жоспарға сəйкес жүзеге асырылады. Бұдан басқа, Құлсарыдағы көп қабатты 23 тұрғын үйдің сыртқы қасбетін қалпына келтіру жөніндегі жобалау-сметалық құжаттаманы əзірлеуге жергілікті бюджеттен қаржы бөлу мəселесі қарастырылуда», – деп атап көрсетті Үкімет басшысы жауабында.

Премьер-Министр одан əрі бюджет кодексіне сəйкес төмен тұрған бюджеттерге сыртқы факторларға тəуелді болмайтын, тұрақты сипаттағы салық түсімдері бекітілетінін түсіндіріпті. Өңірлердің бюджеттік дербестігін қамтамасыз ету мақсатында қазір Үкімет салықтар, алымдар, төлемдер мен мемлекеттік баждың жекелеген түрлерін жергілікті бюджетке беру нұсқаларын қарастырып отыр. Сол жүйе заңмен ресімделген кезде елдегі өзге шағын қалалар тəрізді Құлсарының да айы оңынан туатынын айтып, Əлихан Асханұлы қуантып қойды. Ал, Қ ұлсарыдан оңалту орталығын салу мəселесі 2023- 2024 жылдарға жоспарланып отыр. Себебі, денсаулық сақтау мекемелері желісінің мемлекеттік нормативіне сəйкес, қалпына келтіру емі жəне медициналық оңалту мекемелері – санаторий, мамандандырылған санаторий, профилакторий, оңалту орталығы немесе оңалту бөлімшесі көпбейінді аурухананың жанынан құрылуы шарт. Мұның кейінге қалдырылуына тағы бір себеп – Үкімет Атырау облысының əкімдігімен бірлесіп, оңалту қызметтерін қамтамасыз ету мақсатында 150 орындық оңалту орталығын салуды жоспарлап отыр екен. Қазір облыстық балалар ауруханасы базасында 25 орындық балаларды оңалту орталығы жұмыс істеп тұр.

«Осылайша, Атырау облысы əкімдігінің дайындық жұмыстарын аяқтау нəтижелері бойынша Үкімет Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сəйкес Құлсары қаласында мүгедек балаларға арналған оңалту орталығының құрылысына республикалық бюджеттен қаражат бөлу мəселесін қарастыратын болады», – депті Əлихан Асханұлы өз жауабында. 

Әрине, жылдар бойы қордаланған проблемалар азғана уақытта шешіле қалуы мүмкін емес. Дейтұрғанмен, депутаттардың сауалына Премьер-Министрдің мәселені терең түсіндіріп, әрі шапшаң жауап беруі қалың бұқараның Үкіметке деген сенімін ұлғайта түспек. Егер әр мәселе осындай жоғары жауапкершілікпен қаралса, тың серпінді жобалар жүзеге аса берері сөзсіз.

Қ.ҚОСЫМБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз