Көпен Әмірбек Атырауда дауыс берді

irpparara Саясат

Белгілі сатирик Көпен Әмірбек референдумда дауысын Атырауда берді деп хабарлайды ATPress.kz.

Жеке шаруасымен мұнайлы шаһарға келген өнер иесі  азаматтық таңдауын осында жасауды жөн көріпті.  Ол даусын Н.Тілендиев атындағы облыстық кіші өнер академиясында орналасқан №8 дауыс беру учаскесінде берді.   Саяси науқан туралы өз пікірін білдірген Көпен Әмірбек астарлы әзілін де айтып  үлгерді.
«Францияда болатын нәрсе болады. Англяда болмайтын нәрсені  де болдырады. Германияда болмайтын нәрсеге бас қатырмайды.  Ал, бізде өкінішке орай кей азаматтар болайын деп тұрған нәрсені болдырмауға тырысып тұрады. Бүгін мен Атыраудамын. Болатын нәрсе болды. Енді болмайтын нәрсені болдыруымыз керек.  Сол үшін дауыс бердім. Елдің ертеңі үшін. Жарқын болашақ үшін» деді ол.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз