Жарнама
Саясат

КӨП БОЛЫП КҮРЕСЕР ІНДЕТ

Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа бағдарламаны талқылауға жиналғандар өз пікірлерін айтып, сарапқа салды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін жүйелі жағдай жасауды алға қойған облыстық мәслихат депутаты Амангелді Абдолов аталған заң жобасының маңыздылығына тоқталды.

 — Әрбір мемлекеттік қызметкер өз ісін адал атқаруы, жемқорлық фактілеріне жол бермеуі тиіс. Онымен күресуге қоғам болып жұмылу керек,- деді ол.

Бұл пікірді Атырау қалалық мәслихатының депутаты Болат Рысқалиев та жалғап, тәрбие мен білім берудің барлық сатыларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін құру керектігін жеткізді.

Заң жобасында көрсетілгендей, мемлекеттік билік пен басқару органдарының, сондай-ақ, корпоративтік бизнестің қызметіне партиялық және қоғамдық бақылау күшеймек. Бұл жөнінде«Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әзмұханов «Кез келген орында сыбайлас жемқорлыққа қатысты әрекет байқалса, ол жасырын қалмауы тиіс. Оны партияның жергілікті филиалдарына хабардар етіп, алдын алуға тиіспіз» деп, айқындық пен ашықтықтың қажет екенін айтты. 

Халыққа қызмет көрсету орталығыбасшысы Қайрат Қоныс қызмет көрсету мәдениеті мен табанды иммунитет қалыптастыру — сыбайлас жемқорлықты жоюдың жолы екенін, сондай-ақ, әр азаматтың бұл індетке төзбестік танытуы керектігін жеткізді.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.
Суреттерді түсірген
 Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button