Кемел келешек жолында
Әне-міне дегенше Президент сайлауы да өте шықты. Көптен күткен саяси оқиға өз деңгейінде, талапқа сай өтті.
Әр қазақстандық сайлауға барып, дауыс беру арқылы өз таңдауын жасады деп ойлаймын. Өйткені бұл — әрқайсысымыздың азаматтық парызымыз. Көпшілік сияқты маңызды әрі мәртебелі шарадан қалыс қалмай, өз дауысымды бердім. Бұл өзіміздің, балаларымыздың, еліміздің болашағы үшін қажет.
Қазақ елі өзінің ауызбіршілігінің арқасында көшбасшысын айқындап алды. Енді Президентіміздің алдағы жеті жыл ішінде сайлауалды уәделерді жүзеге асыру міндеті тұр. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді қазақ. Біз әрдайым Президентпен бірге екенімізді білдіріп, сөзбен емес, іспен дәлелдеуіміз керек.
Балғаным Хасенова,
аудандық аналар кеңесінің төрайымы,
Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы