Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Атырау» газеті жаңа жобаны іске қосты

izobrazhenie 2021 01 22 010233 Жаңалықтар

Қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан 30 жылдық белеске қадам басқан тұста тәуелсіз Қазақстанның кешегісі мен бүгіні, болашағы туралы сөз қозғалары хақ.

Бүгін де халықаралық қауымдастықта өзінің орнын айқындап, жолын қалыптастырған қазақ елінің жаһандық бастамалары туралы сөз қозғамақпыз. Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшы бола отырып, өңірдегі тұрақтылықтың нығаюына үлкен үлес қосуда. Республика әлемдік деңгейде де зор табыстарға қол жеткізіп келеді. Жаһандық және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, ядролық қарусыздану мен оны таратуды тоқтату бағытында көтерген, жүзеге асырған жарқын бастамалары аз емес. Бұл шешім, қадамдардың қайсысының да өміршең, маңызды екендігін әлемдік қоғамдастық пен халықаралық ұйымдар мойындап, жоғары бағалап, қолдап отыр.

Әлқисса

Ә л е м д і к аренадағы Қазақстандық алғашқы қадам қандай еді? Тәуелсіздік таңы атқан тұстаақ жас мемлекет екендігіне қарамастан, өзіндік ұстанымын айшықтап, бейбітсүйгіш ел екендігін жер-жаһанға паш етті. Бірлік пен бейбітшілік – қазақ үшін терең мәнге ие құндылықтар. Осынау ізгі мұратты елдік мүдде ретінде жоғары бағалаған Қазақстан әлеуеті бойынша әлемде жетекші орынға ие болып, төртінші сатыда тұрған ядролық қарудан өз еркімен бас тартты.

1991 жылы 29 тамызда Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Семей жеріндегі ядролық полигонды өз Жарлығымен жапса, 1992 жылы Кеңестер Одағынан қалған үлкен ядролық арсеналдан бас тарту туралы шешім қабылдады. Осылайша, Қазақстан Республикасы бейбітшілік саясатын ұстанушы ел ретінде атын әлемге мәшһүр етті. Тәуелсіздікке енді қолы жеткен жас мемлекетке «бұл қарудан айырылма» деп кеңес бергендердің де болғаны жасырын емес. Азия құрлығында Қазақстанмен қоңсы қонған өзге де ислам мемлекеттері тарапынан қаруға көз тіккендер де болғаны мәлім.

Алайда, халықаралық деңгейде Қазақстан қарусыздану және жаппай қырып жою қаруын таратпау үдерісінің көшбасшысы биігінде қалды. Ел тыныштығы ғана емес, Азия құрлығы, тіпті, Орталық Азия елдерінің болашағына да бейжай қарамаудың нәтижесінде қабылданған тарихи шешім бүкіләлемдік қоғамдастық тарапынан да қолдауға ие болды.

1994 жылдың 5 желтоқсанында Буд ап е ш т е Ұ л ы б р и т а н и я , Ресей және АҚШ басшылары Қазақстан Республикасына қауіпсіздік кепілдігін беру тур а л ы м е м о р а н д у м ғ а қ о л қойды. Бұл жайында Елбасы Н . Н а з а р б а е в « Ғ а с ы р л а р тоғысында» кітабында: «1994 жылғы 5 желтоқсанда, ЕҚЫҰның Будапештегі мәслихаты кезінде шын мәніндегі тарихи оқиға болды. Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімшарттың депозит арийлері Ресей Федерациясы, АҚШ, Ұлыбритания тарапынан Қазақстан қауіпсіздігіне берілетін кепілдіктер тур а л ы М е м о р а н д у м ғ а қ о л қойылды. Онда аталмыш мемлекеттер ЕҚЫҰ қағидаларына сәйкес, Қазақстанның қазіргі шекарасының мызғымастығын, тәуелсіздігі мен егемендігін қадірлейтіндіктерін куәландырды. Қазақстанның саяси тәуелсіздігіне, аумақтық т ұ т а с т ы ғ ы н а қ а р с ы к ү ш қолданбауға, экономикалық зорлық-зомбылық көрсетуден бас тартуға міндеттеме алынды. Біз бұл кепілдіктерді Қазақстанның қ а р у с ы з д а н у ж о л ы н д а ғ ы жауапкершіл саясатына берілген лайықты жауап деп санаймыз. Кейін мұндай кепілдіктер ҚХР мен Франция үкіметтері тарапынан да берілді».

Аталған тақырыпқа қатысты маңызды құжаттың тағы бірі – Ядролық сынақтарға жанжақты тыйым салу туралы шарт (ЯСЖТШ). Қазақстан 1996 жылы алғашқылардың бірі болып құжатқа қол қойып, оны ратификациялады. Сонымен қатар, шартты ратификацияламаған н е м е с е қ о л қ о й м а ғ а н мемлекеттерді мүмкіндігінше тезірек орындауға шақырды. Бұл бағыттағы игі істер кейін де жалғасты. Соның бір дәлелі – 2006 жылы Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру туралы шарттың бекітілуі.

Осынау құжат аясында БҰҰ шеңберінде аталған аймаққа енетін елдерге кепілдік берілді. Яғни, ірі ядролық державалар тарапынан күш қолданбау туралы уағдаластыққа қол жетті. Тұтастықты меңзеген осынау ізгі істің заңды жалғасындай болып, БҰҰ тарапынан 29 тамыз күнін Ядролық сынақтарға қарсы ісқимылдың халықаралық күні деп жариялануы да көп нәрсені аңғартса керек. Яғни, бұл шешім Қазақстанның ядролық қарусыздану және ядролық қаруды таратпау мәселесіндегі маңызды ролінің мойындалуы ретінде бағаланды.

Бейбітшілік пен келісім, т ұ р а қ т ы л ы қ п е н қауіпсіздік идеяларын белсенді түрде жүзеге асыруда әлемдік үлгі қалыптастыра білген Қазақстанның бітімгершілікке жету, оны сақтау жолындағы маңызды қадамының бірі – АТОМ жобасын құру. 2012 жылы 29 тамызда Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ас т а н а қ а л а с ы н д а ө т ке н «Ядролық сынақтарға тыйым салудан – ядролық қарудан азат әлемге» тақырыбындағы халықаралық парламенттік конференциясы барысында АТОМ жобасын іске қосты. Оның аясында қол жеткен жетістік – жер бетіндегі ядролық қаруға қарсы кез-келген адам ядролық сынақтардан біржола бас тартуға және ЯСЖТШ мер зімінен бұрын күшіне енуге шақыратын онлайн-петицияға қол қою мүмкіндігі.

Осыған байланысты әлемдік масшт абт а ат а лып өтетін айрықша күн тарихқа енді. Ол – еске алу акциясы. Яғни, ATOM жобасының бастамасына сай, 29 тамызда Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы әрекет күні бүкіл әлемде жергілікті уақыт бойынша 11:05-те ядролық сынақ құрбандарын еске алу үшін бір минуттық үнсіздік акциясы өткізіледі. А л , 2 0 1 5 ж ы л д ы ң же л то қ с а н ы н д а Б Ұ Ұ Б а с Ассамблеясы Ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға ортақ декларация қабылдады. Бұл құжаттың жүзеге асуына да Қазақстанның бастамалары негіз болған-ды.

2016 жылы жер-жаһан «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесімен танысты. Вашингтонда өткен Төртінші ядролық қауіпсіздік саммиті аясында Нұрсұлтан Назарбаев «Әлем. ХХІ ғасыр» тақырыбындағы баяндамасы арқылы үш қағидат пен бес нақты бағытты көрсетті. Ол ядролық қаруларға қоса, жаппай қырып-жоятын басқа да қару түрлеріне, оның ішінде аталған топқа жататын қаруды жасау, жетілдіруге арналған ғылыми жаңалықтарды есепке алу реестрі арқылы тыйым салуды ұсынды.

Семей сынақ полигонының жабылуына 25 жыл толуына орай, 2016 жылы 29 тамызда елорда төрінде әлемнің 50- ден астам ел басшылары мен халықаралық ұйым жетекшілері, танымал саяси қайраткерлердің басын қосқан «Ядролық қарусыз әлем қалыптастыру» конференциясы өтті. Ауқымды G-GLOBAL форумы аясында XXI ғасырда ядролық қарусыз әлемді қалыптастыру бойынша кең ауқымды мәселелерді интерактивті форматта жүргізуге болатыны дәлелденді.

Түйін:

Қазақстанның жаһандық бастамаларының бұл бір парасы ғана. Әлемдік саясатта өзіндік ұстанымы, бітімгершілік аясындағы жаһандық бастамалары әлем назарына ілінген Қазақ елінің тәуелсіздік жылдарындағы жазбаларын әлі де жалғастырамыз.

Гүлжан ӘМІРОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз