ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАЖЕТ
2. — Ассамблеяның еліміздегі толеранттылықты жүзеге асырудағы ролі ерекше. Бұл қоғамдық институттың маңызы бір жылдық шарамен айқындалмайтыны түсінікті. Себебі, тұрақтылық, этносаралық келісім біздің әлемдік қауымдастықтағы маңызды факторымыздың бірі және болашақта да оның осы ролі сақталатыны сөзсіз. Сол себепті 2015 – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланғаннан кейін оның қоғам өмірінің барлық саласындағы маңызы мен орны жан-жақты ашылуы керек сияқты. Сонымен қатар, бұл шараны биылғы жылғы басқа да ауқымды тарихи оқиғалардың аясында қараған жөн. Сондай-ақ, әлемдегі және жақын шетелдердегі саяси дағдарыстар мен жанжалдардың контексін ескерер болсақ, бұл жылды жариялаудың мәні мен маңызы айқындала түсетіні сөзсіз.
3. -Жалпы, бұл институттың қоғамдағы рөлі мен орны мемлекетіміз бен мемлекет құрушы ұлт – қазақ халқының тарихи мүддесінен туындауы керек екендігін есімізден шығармау керек. Егер ол еліміздің тәуелсіздігі нығаюына, ұлтымыздың мәдениеті мен әлеуеті дамуына жан-жақты үлес қосатын болса, оның алдына қойылған міндеттердің орындалғаны болып табылады. Сондықтан, мемлекеттік тілді насихаттау, көптеген ұлттарға тарихи Отанға айналған еліміздің мәдениетін, тарихын тереңірек жеткізу, әрбір адамға оның ұлтына немесе дініне қарамастан қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру міндеттері әлі де ұзақ және табанды жұмыс істеуді қажет етеді.
Өмірбек БЕКЕЖАН,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік
университетінің кафедра меңгерушісі,
философия ғылымдарының докторы: