Атырауда сайлау кезінде 46 нәресте өмірге келді

1 6 Жаңалықтар

Бұл өткен тәулікте облыс бойынша дүние есігін ашқан нәрестелердің саны деп хабарлайды Atr.kz

Оның ішінде 27 ұл, 19 қыз бала өмірге келген. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда сәбилердің де, жас аналардың да денсаулық жағдайлары қалыпты. «Бұл сайлау өткен тәулікте өмірге келген балалар бойынша ақпарат» деп нақтылады облыстық денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі Нұргүл Ысмағұлова.

Атап өту керек, 1-9 қаңтар аралығында облыс бойынша 335 сәби өмірге келді.

Еске сала кетелік, бұған дейін сайлау күні Атырау облысында 101 жас ана перзентханаларда дауыс бергенін хабарлаған болатынбыз.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз