Қазақстандағы еңбекақы бойынша қарыз шамамен 1 млрд теңгені құрайды

Жыл басынан 2,7 млрд теңге көлемiндегi еңбекақы бойынша борыш өтелдi. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы ОКҚ баспасөз мәслихаты барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Тамара Дүйсенова мәлім етті. «Жыл басынан берi еңбек инспекциясы 650 ұйымда 3,7 млрд теңге көлемiнде 44 мың қызметкер алдында жалақы бойынша борыштары бар екендiгiн анықтады. Қаржы министрлiгi, Әдiлет министрлiгi, Бас прокуратура облыс әкiмдерi жанындағы дағдарысқа қарсы штабтармен бiрлесе отыра, бiз 35 мың жұмысшыға 2,7 млрд теңге көлемiндегi еңбекақы борышын өтей алдық. Бүгiнгi күнi 15 қарашадағы ақпараттарға сәйкес, жалақы бойынша қарыз 985 млн теңгенi құрайды. Бұл көрсеткiш республикамыздағы 83 кәсiпорын бойынша орын алып отыр», - деді министр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз