ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:«САЯСИ ТЕҢДІК САҚТАЛАДЫ»

1. Осы мәселеге байланысты сарапшылардың пікірлеріне назар аударсақ, күмәннан үміт басым екенін аңғару қиын емес. Теңдік, негізділік, жүйелілік, прагматизм және өзара тиімділік қағидаттарына  негізделген, тауарлардың, қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысын, үйлестірілген экономикалық саясат жүргізуді көздейтін интеграциялық ынтымақтастық одаққа қатысушы елдердің экономикасын өркендетуге тиіс. Кәсіпкерлік те жаңа деңгейге көтеріледі деп күтілуде.  Бір сөзбен айтқанда, бұл – біздің еліміз үшін жаңа мүмкіндіктер көзі. Жалпы, бұл арада мына бір жайды айта кетуіміз керек. Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше елдер мемлекеттердің егеменді теңдігі, аумақтық тұтастығы, сондай-ақ, әрқайсысының саяси құрылымының ерекшелігін құрметтеу қағидаттары сақталған жағдайда ғана көздеген мақсаттарына жете алады. Бұл талаптарды біз көздің қарашығындай қорғауымыз керек.

2. Сөз жоқ, біздің елдерімізде дамыған өнеркәсіп, индустриялық база, қуатты кадрлық, интеллектуалдық, мәдени әлеует бар. Бірақ, олар әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті ме, міне, мәселе осында. Басқа елдерді былай қойғанда, дәл қазір біз Ресей мен Беларусьқа да тең әріптеспіз дей алмаймыз. Демек, өз тауарларымызды өндіру біз үшін алдағы кезеңде де аса маңызды мәселе болып қала бермек. Бұл ретте Ресей мен Беларусьқа ғана арқа сүйесек, көп нәрседен ұтыларымыз тағы анық. Демек, барлық озық мемлекеттермен өзара тиімді қарым-қатынаста болуға күш салуымыз керек.

3. Заман құбылып тұрған, жаhандық қаржылық-экономикалық ахуал, жалпы  әлемнің дамуы тым күрделеніп кеткен бүгінгі таңда бұлай оқшауланудың кері әсерлері де болуы мүмкін. Батыс елдерінің Ресейге қарсы қолданып жатқан шараларының салқыны бізге де тиетінін жоққа шығаруға болмайды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз