Жарнама
Саясат

КӘСІБИ БАҒДАРҒА МАҢЫЗ БЕРСЕК…

 

Көптеген игілікті әрі нақты істердің бастамасы болатын бұл Жолдау «Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін» деген ұстанымды есте ұстап, еңбек етуді мақсат етеді. Жаңа қатерлер мен тың мүмкіндіктері қатар өрбіген аса күрделі кезеңдегі жаһандық ахуал мемлекетіміздің жеткен жетістіктерін сынға алып, елдің елдігі мен бірлігін де шыңдай түспек. Осындай сәтте жұмыла жиылып, елдің жүгін жеңілдетер жастар күші зор маңызға ие. Қабылданған бағдарламалар аясында білім беру, денсаулық сақтау саласын жаңғыртуды жалғастыруда үнемшілдік болмайтынын ерекше атап өтті.

Елбасы «Сондықтан да, қазір, осы мінберде тұрып 2017 жылдан бастап «Жалпыға бірдей тегін кәсіби-техникалық білім беру» жаңа жобасы басталатынын жариялаймын», — деді. Осындай жүйелі жоба арқылы жастар болашағы үшін мемлекет әрбір адамға тегін жеке мамандық беруді қолға алып, Қазақстанның білімді, еңбекқор, бастамашыл жас азаматтарын қалыптастыруды көздейді. Бүгінгі заман – техникалық мамандықтар мен ғылыми инновацияның қарыштаған заманы. Ендеше, жастарды бастамашыл, еркін, еңбексүйгіш  етіп тәрбиелеу – басты міндетіміз.

Бақтыгүл  ХАМЕНОВА,

Каспий маңы қазіргі заманғы

колледжінің директоры,

Атырау қалалық мәслихатының депутаты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button