Жарнама
Саясат

ҚАРТ КАСПИЙДІҢ ТОСЫН «МІНЕЗІ»

Бұл туралы хабарлаған Атырау облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары, полковник Марат Құрманов «Қазгидромет» РМК-ның берген болжамдарын келтіре отырып, үдете соққан күшті желдің әсерінен 2014 жылғы маусым айының 15-16 күндері Каспий теңізі суының деңгейі көтеріліп, 120-128 сантиметр аралығында ауытқитындығын, ең жоғары шекті көрсеткіші 140 см-ге дейін жету, сөйтіп 5-7 шақырымға дейінгі аумақты су басып кету мүмкіндігін мәлімдеді.
Теңіз суының аймақтың бірқатар елді мекендеріне қауіп тудыратынын да жоққа шығармады. Атап айтқанда, Атырау қаласына қарасты төрт, Исатай ауданында бір ауылдың топан судың астында қалуы мүмкін екендігіне тоқталды. Соған байланысты қажеттілік туындаған жағдайда осы елді мекендер бойынша 25 мыңдай тұрғынды уақытша қауіпсіз жерге көшіру шараларын алу керектігін меңзеді.
Осыны айтқан ТЖД басшысының орынбасары одан әрі облыстағы барлық төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс, апаттық-құтқару құрылымдарының, қызмет жасақтарының дайындық деңгейіне келтірілу керектігін қаперледі.
Мәжіліске төрағалық жасаған облыс әкімінің орынбасары Тимуржан Әдиетұлы да жоғарыда айтылғандарды толығымен құптап, әріптестерін күн тәртібіне шығарылып отырған өзекті мәселеге жоғары жауапкершілікпен қарауға шақырды.
***
Кеше осы мәселеге орай Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Марат Құрманов жергі-лікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап брифинг өткізді.
«Қазгидромет» РМК-ның берген болжамды мәліметтерінде келтірілгеніндей, соңғы екі тәулік бойына аса бір қауіп тудыратындай жағдаяттардың орын ала қоймағандығын алға тартты. Мәселен, маусымның 15-і, жексенбі күні сағат күндізгі үштің кезінде бұл көрсеткіш болжамдалғанындай 126 емес, 111 сантиметр шамасында тұрақтаған. Ал, 16 маусым күнгі таңертеңгі 9.00 сағатта да көп өзгеріс болмағандығына көз жеткізілген. Ең қауіпті деп есептелінген кіші Пешной, Дамбы, басқа да қала аумағындағы елді мекендерді айтпағанда, Исатай ауданының теңізге таяу орналасқан Забурын, Жанбай селолық округтеріне кіретін ауылдарында да аса бір қауіптенетіндей жағдайдың жоқтығы аңғарылған.

Дәулетқали АРУЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button