Жарнама
Саясат

Кандидаттың сайлауалды бағдарламасының мақсаттары түсіндірілді

Облыстық қоғамдық штаб мүшелері ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау мақсатында «Атырау жылу электр орталығы» АҚ ұжымымен кездесті. Сенімді өкілдер Балжан Досмұхамбетова, Бексұлтан Дүйсенғұл, Назерке Құсесова, Мақсұт Әбуов және Ғани Сағындықов Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының негізгі міндеттері туралы айтып, мекеме қызметкерлерінің пікірін тыңдады.

-Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында тариф белгілеу және инфрақұрылым нысандарын жаңғырту мәселелеріне көп көңіл бөлінген. Бұл оңай міндет емес, өйткені бүгінде бұл салада мәселе жоқ емес. Тарифтің өсуі экономикалық тұрғыдан негізделген болуы керек. Алынған қаражат инфрақұрылымның жай-күйін жақсартуға және осы сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдауға бағытталуға тиіс. Халық өз қаражатының қайда жұмсалатынын нақты түсінуі керек,- деп атап өтті штаб мүшесі Балжан Досмұхамбетова.

-Бүгінгі таңда халықты алаңдатып отырған өзекті мәселелер — инфрақұрылым, тұрғын-үй жағдайларын жақсарту, білім беру, медицина, әлеуметтік қолдау және азаматтарды құқықтық қорғау. Бұл бағыттағы жұмыс қазірдің өзінде жүргізіліп жатыр. Сондықтан бұл жолдан бас тартпау және басталған барлық істі жүзеге асыру маңызды», — деді сенімді өкіл Мақсұт Әбуов.

Кездесу барысында коммуналдық кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысы мен қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру, балалардың спорт және шығармашылық үйірмелерге тегін баруы үшін жағдай жасау қажеттілігі туралы мәселелерді көтерді. Барлық айтылған ұсыныс Республикалық штабқа жеткізілетін болады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button