ОСК: Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркелді

2020 10 22 20190506210004 Саясат

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Күн тәртібіне Қасым-Жомарт Тоқаевты кандидат ретінде тіркеу мәселесі қойылды.

«Аумақтық сайлау комиссияларының хаттамасына сәйкес, ҚР Президенттігіне кандидатты қолдау үшін уәкілетті өкілдер Қазақстанның бүкіл өңірлері бойынша 399 809 азаматтың қолын жинады. Бүгінде оның 141 045-і тексерілді, тексерілгендердің 140 167-сі түпнұсқа деп танылды», – деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман.

ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 59-бабының 5-тармағына сәйкес барлық құжаттар заңда белгіленген мерзімде қабылданғанын айтты.

Осылайша ҚР Президенттігіне кандидатты тіркеуге қажетті барлық рәсімдер сақталды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз