img 20200824 wa0027

Мемлекеттік қызметшілер де «Дипломмен ауылға» барады!

Жаңалықтар Саясат

2020 жылғы 3 шілдеде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына​ қол қойды.


Заңда мемлекеттік қызметшілерге «Дипломмен ауылға» жобасын тарату, «А» корпусының кадр резервін тарату, арнайы тексеру жүргізу кезеңін мемлекеттік қызмет өтіліне енгізу, мемлекеттік қызметке кіру үшін конкурстық рәсімдерді оңтайландыру, Президенттің шешімі бойынша жекелеген саяси лауазымдарға біліктілік талаптарын белгілеу және т. б. сияқты түзетулер қарастырылған.
Мемлекеттік қызметкерлерге «Дипломмен ауылға» жобасының таралуы білікті кадрларды тарту үшін ауылдағы мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттырады. Бұл жас мемлекеттік қызметшілерге көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредиттер алуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызметке кіру үшін конкурстық рәсімдер оңтайландырылды. Атап айтқанда, 3 кезеңдік конкурстық іріктеуден 2 кезеңге өту жүзеге асырылуда, яғни барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында 2-ші ішкі конкурс және жалпы конкурс біріктіріледі. Бұл конкурстық процедуралардың уақытын қысқартуға және бос орындарды толтыру жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.
Ауылдық елді мекендерде мемлекеттік қызметтегі кадр тапшылын азайту, бәсекеге қабілетті, білікті кадрларды арттыруды мақсат еткен игі бастаманың оң көрсеткіші Атырау облысында да орын алады деп есептеймін. Өйткені, облыс бойынша мемлекеттік қызметшілердің нақты саны
– 2927 болса, оның​ 488-і​ 29 жасқа дейінгі жастар. Қазіргі таңда Атырау облысындағы 7 аудандағы жергілікті атқарушы билік бойынша 60 лауазым орны бос тұр. Аталған Заң бойынша жастардың қызығушылығы артса бос лауазымдар орны толатыны анық.
​ Мемлекет басшысының бастамасына ел болашағын ойлауды қамдаған жастар қолдау білдіріп, аудандардағы жас мемлекеттік қызметшілер санының артатына сенемін!

Руслан Тұңғышбаев,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған