Кандидат сайлаушыларға мақсаты туралы айтты
ҚР Президенттігіне Кандидат Мейрам Қажыкен «Каравай» ЖШС ұжымымен кездесті. Кәсіпорын ұжымы қонақты жылы қарсы алды. Мұндағы мамандар үміткерге цех жайын және мұнда өндірілетін өнімдер туралы айтып, дәм тату үшін жаңа піскен нан табыстады.
Жұмысшылармен кездесуде кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасының мақсат мүдделеріне тоқталды. Ол, атап айтқанда, отбасының қаржылық жағдайына қарамастан оқушының немесе студенттің мәртебесін көтеріп, білім беру сапасын арттырудың маңыздылығын атап өтті.
«Мен ауылдан қалаға дейінгі барлық деңгейлерде қолжетімді және сапалы білім беруді жақтаймын. Балалар тек элиталық мектептер мен университеттерде ғана емес, кез келген білім ордасында жақсы білім алуы керек. Бұл бағытты бизнеске айналдыруға болмайды. Өйткені білім-бұл тұлға қалыптастырады. Ал бұл бизнеске айналса қалай және қандай тұлғалар шығуы мүмкін?!», — деді М. Қажыкен.
Сондай-ақ жиында ауыл шаруашылығын, медицинаны, кәсіпкерлікті, әлеуметтік саланы дамыту тақырыбында да пікір алмасулар болды.
Штабтың баспасөз қызметі