AMANAT-тың саяси кеңес құрамы өзгертілді

220426164027110e Саясат

Партия съезінің күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша, AMANAT-тың саяси кеңесіне өзгеріс енгізу мәселесі қаралды.

«Партияның жоғары өкілдік органының саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселені қарауды ұсынамын. Партия жарғысының №9.1 пункті бойынша, саяси кеңеске өзгеріс енгізу мәселесі партия съезінің айрықша құзыретіне жатады. Сіздердің қарауларыңызға AMANAT партиясының саяси кеңес құрамына Елдар Тынышбайұлы Жұмағазиевті, Мақсат Мәлікұлы Толықбайды, Дәулет Төлеутайұлы Мұқаевты енгізу мәселесі ұсынылады», – деді партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов. Съез делегаттары бұл ұсынысты да бірауыздан қолдап дауыс берді.

inform.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз