Жарнама
Саясат

Каналдар жөнделмей, жағдай түзелмейді

Су ресурстарын басқарудың бірыңғай ақпараттық-сараптамалық жүйесін жасау керек. Мемлекет басшысы берген маңызды міндеттің бірі осы болды.

«Қазір 500-ден астам гидротехникалық нысан әбден тозып тұр. Тіпті, оның 200-інде төтенше жағдай туындау қаупі бар. Кезінде кейбір су қоймалары бұзылып, қайғылы оқиға болғанын білесіздер. Осындай жәйттің алдын алу үшін гидроқұрылымдар жан-жақты тексерілуге тиіс. Апаттық жағдайда тұрған және қараусыз қалған нысандарды бақылауға алу керек. Қауіп-қатерлер картасын жасау қажет. Төтенше жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін қатерлердің алдын алу үшін нақты шараларды қолға алған жөн.», — деді Президент.

Шынымен еліміздің қай өңірінде болмасын, әсіресе табиғи су көздері тапшылау біздің облысымызда суару-суландыру жүйелерінің жағдайы сын көтермейді. Пайдалануға берілгеніне ондаған жылдың жүзі болған каналдардың дені әлі күнге дейін күрделі жөндеу көрмеген. Оның үстіне, су шаруашылығы нысандарына жауапты кәсіпорындардың жұмысына уақыты талдау жүргізіліп, орын алған кемшіліктер түзетіліп отырмағандықтан, олардың тиімділігі де төмендей бастаған.

Мұның өзі тіршілігі ауыл шаруашылығымен, соның ішінде атакәсіппен байланысты малды өңірдің тұрғындары мен шаруагерлері үшін елеулі қиындық келтіріп, проблемалардың туындауына себепші болуда.

Қыдыржан ЕРМҰХАНОВ,
Исатай аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button