Жаңа әкім тағайындалды

2022 06 22 053150270500 Саясат

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Жылыой мәслихатының депутаттарына ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген жаңа әкімнің кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды ATPress.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудан әкімі лауазымына жаңа кандидат Жұмабек Қаражанов ұсынылды.

Жұмабек Қаражанов Қазақстан-Британ техникалық университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген. Экономика және бизнес магистрі дәрежесі және мемлекеттік аудитор сертификаты бар.

2011-2012 жылдары «Жасұлан және Компания» ЖШС-де экономист болып жұмыс істеді.

2012-2014 жылдары «Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ әр түрлі лауазымдарында жұмыс істеді.

2014-2017 жылдары «Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ  мемлекет бюджеттері мен активтерін бақылау № 3 бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

2017-2018 жылдары «Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ  сапаны бақылау, ішкі аудит, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету және персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы.

2018-2019 жылдары «Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ аппаратының басшысы.

2019 жылдың ақпан айынан бастап бүгінге дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Депутаттар облыс әкімі ұсынған кандидатураны қолдады.

Аймақ басшысы Серік Шәпкенов жаңа әкімге ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз