Жарнама
Саясат

Камералдық бақылау нені көрсетеді?

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамаған кезде ден қою шаралары қабылданады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі – Департамент) камералдық бақылау жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен камералдық бақылауды жүзеге асырады.

Камералдық бақылаудың мақсаты бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және жол бермеу, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын мемлекеттік аудит объектісіне беру және мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені төмендету болып табылады.

Камералдық бақылауды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 14-бабының 9)-тармақшасына сәйкес әзірленді және камералдық бақылауды жүргізу тәртібін айқындайды.

Камералдық бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

Камералдық бақылауды мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі бойынша, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру жолымен мемлекеттік аудит объектісіне бармастан, тұрақты негізде жүргізеді.

Камералдық бақылаудың ден қою шаралары Заңның 30-бабының 4-тармағында көзделген.

1) барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберу;

2) мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ банк шоттары бойынша (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) барлық шығыс операцияларын тоқтата тұру;

3) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген құзырет шегінде әкімшілік іс жүргізуді қозғау болып табылады.

Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасалғанға дейін жүргізіледі.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасалғаннан кейін бұзушылықтар анықталған кезде мемлекеттік аудит жүргізіледі.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны ресімдейді, мемлекеттік аудит объектілеріне жібереді және веб-порталда автоматты түрде тіркейді.

Хабарлама бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде веб-портал арқылы мемлекеттік аудит объектісіне жіберіледі.

Хабарламаны мемлекеттік аудит объектісі, ол мемлекеттік аудит объектісіне жеткізілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындайды.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды мемлекеттік аудит объектісіне хабарлама жеткізілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде дербес жойған жағдайда, лауазымды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау Заңның 32-бабының 1-тармағына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған мемлекеттік аудит объектілерінің кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға әкеп соғады, сондай-ақ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес лауазымды адамдарды әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соғады.

Заңның 32-бабы 1-тармағына сәйкес хабарламаның белгіленген мерзімде орындалмауы мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен тоқтата тұруға әкеп соғады.

Ағымдағы жылдың 8 айында Департаментпен барлығы 20 камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар белгіленген мерзімде орындалмаған. Департаментпен тиісті ден қою шараларын қабылдау мақсатында 3 мемлекеттік аудит объектілерінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операциялары тоқтатылған, Кодекстің 462-бабының                          3-бөлігіне сәйкес 20 лауазымды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оның ішінде 3 әкімшілік іс сотпен тоқтатылған, 17 әкімшілік іс бойынша барлығы 542,2 мың теңгеге әкімшілік айыппұл салынып, бюджет кірісіне толық өндірілген.

Ж.Букаев

Атырау облысы бойынша ішкі мемлекетті аудит департаменті басшысының орынбасары

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button