Саясат
КАДР ТАПШЫЛЫҒЫ СЕЗІЛУДЕ
Медициналық мекемелерді материалдық базамен жабдықтауда, жедел жәрдем көлігінің санын арттыруда жоғары көрсеткіштер бар. Бүгінде облыста тізе буынын толық ауыстыру, көзді емдеудегі күрделі дәрежелі оталар үздіксіз жасалып келеді. Бұрын олардың саны 370 болса, қазір 580-ге дейін көбейді.
Дегенмен, ана мен бала өмірін сақтау, туберкулезбен күрес мәселесі өткір тұрғанын ескерсек, саланы тиісті кадрлармен және оларды қызметтік пәтермен қамтамасыз ету мәселесін толыққанды шешу керек.