ВИЗАСЫЗ РЕЖИМ: өркениетке жаңа бетбұрыс

1683209760 news b Саясат

Елімізде Қытаймен визасыз режимді енгізу оң бастама деп ойлаймын. Себебі бұл өзгеріс біздегі шағын және орта бизнесті арттырып, ел экономикасын дамытуда біраз септігін тигізеді. Яғни, Қазақстанда осы жүйенің енгізілуін экономикалық дамудың жаңа алғышарттары, өркениетке жаңа бетбұрыс деп қабылдаған жөн.

Қытай экономикасы Жалпы ішкі өнім бойынша әлемде АҚШ-тан кейінгі екінші орында. Ал, 2014 жылдан бастап сатып алу қабілетінің паритеті бойынша бірінші орында тұр. Жуырда «CEBR» консалтингтік компаниясының болжамы туралы мәліметтермен таныстым. Бұл дерек көздеріне сүйенсек, бірнеше жыл ішінде Қытай АҚШ-ты айналып өтіп, 2030 жылға қарай әлемдегі ең ірі экономикаға айналады, 2022-2035 жылдар аралығында әлемдік экономиканың Жалпы ішкі өнімі екі есеге артады.

Осындай экономикалық өсу мен қолда бар әлеуетпен Қытай экономиканың барлық салаларында әлемнің бірнеше елімен халықаралық ынтымақтастықты барынша арттыруға ұмтылады. Бұл Қазақстан үшін де тиімді болары анық. Өйткені, біздің мемлекет Қытай секілді алпауыт елмен еш кедергілерсіз жұмыс жасаса, экономикамыз артып, қарыштайды. Бұдан кейін халықтың әлеуметтік жағдайының да жақсаруына оң ықпал етері сөзсіз.

Бүгінде елімізде тұтынып отырған тауарлар мен тағамдардың басым бөлігі аспанасты елінен жеткізіледі. Сондықтан, визасыз режим екі ел арасындағы тауар айналымында, саудада жүрген азаматтар үшін өте тиімді болады.

Айдана ЕСЕНҒАЛИЕВА,

«Сичим С.П.А Қазақстан»

компаниясының өкілі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз