
Саясат
Италия премьер-министрі Қазақстанға сапарын кейінге қалдырды
Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға сапарын кейінге шегерді, — деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 23 сәуірде Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай айтты.
«Италиялық тараптың өтініші бойынша Италия премьер-министрі Джорджи Мелонидің Қазақстанға ресми сапары және 26-27 сәуірге жоспарланған Орталық Азия-Италия бірінші саммиті Рим Папасы Францисктің қайтыс болуына және аза тұту шараларына қатысуына байланысты кейінге шегерілді. Сапардың жаңа мерзімін тараптар келісіп жатыр», — деді ол.