Жарнама
Саясат

Халықтың қуаты – бірлікте!

Елдің елеулі мерекесінің бірі – Республика күні. 1990 жылы 25 қазанда Кеңес одағы құрамындағы Қазақ советтік социалистік республикасының «Қазақ ССР-і» Мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы қабылданған болатын. Бұл дата 1992 жылдан бастап атаулы күндер қатарына енгізілген. Ал, 2001-2009 жылдар аралығында мемлекеттік мереке ретінде атап өтілген. Алайда, 2009 жылдан бастап «Республика күні» мемлекеттік мереке тұрмақ, қатардағы атаулы күндер сапынан да түсіп қалды. Соған дейін ел ішінде бұл дата мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күнімен деңгейлес әсер қалдыратын.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері мемлекетіміздің ішкі тыныштығын, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздігін қадағалап қамтамасыз етудің мән-маңызы арта түсті. Елдің мызғымастығы – мемлекеттің ішкі тыныштығымен тығыз байланысты. Ата-бабаларымыз қаншама ғасыр бойы ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен кең байтақ жерімізді сақтап қалды. Осы орайда біздің әскери бөлім қоғамдық қауіпсіздік пен ішкі тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында КСРО ішкі істер министрінің 1991 жылғы 25 ақпандағы бұйрығымен Атырау қаласында Орта Азия және Қазақстан бойынша бөлек моторланған милиция батальоны құрылды. Содан бері 25 ақпан біздің бөлімнің әскери қызметшілері үшін күнтізбенің қызыл күні – біздің бөлімнің жылдық мерекесі болды.

5546 әскери бөліміне №15 түзеу мекемесін күзету, сотталғандар мен қамауға алынған тұлғаларды айдауылдау, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша міндеттер жүктелді. Әскери бөлімде біліктілікті арттыратын күнделікті жаттығулар тұрақты жүргізіледі. Жеке құрамның қызметке қабілеті және іс-тәжірибесі өте жақсы және жоғары деңгейде деп есептеймін.

Республика күні мерекесімен барлығыңызды құттықтаймын! Егемен еліміздің тәуелсіздігі баянды болсын, Күш бірлікте ғой, елдің ауызбіршілігі мықты болсын.

Ерлан ИПАТОВ,

5546 әскери бөлімінің командирі,

подполковник

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button