Халықтың билікке деген сенімі арта түсті

96391926 5bf6 4627 bd7d 0ae68b4e27b2 Саясат

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары халық игілігіне бағытталған. Саяси саладағы өзгерістер, Үкіметке жүктелген тапсырмалар – бәрі де халық үніне құлақ асатын, елге қызмет көрсетуші мемлекет орнықтыру міндетінен туындап отырғаны анық.

Қазақстан суперпрезиденттік басқару формасынан күшті парламенті бар президенттік формаға көшті. Мемлекет басшысы өз Жолдауларында Қазақстанды дамытудың саяси моделін өзгертіп, Парламенттің рөлін күшейту қажеттігін айтқан еді. Осылайша, еліміз «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын басшылыққа алды. Жұртшылықтың жайлы, жарқын өмір сүруі үшін барлық салада ашықтық қалыптасып келеді.

«Бала – біздің болашағымыз» деп жатамыз. Енді  келер жылдың қаңтарынан бастап, Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-ын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына түсе бастайды. Бұл халықтың көптен күткен жаңалығы болатын.

Тағы бір үлкен реформа – әлеуметтік салада көрініс беруде. Ол – жақын арада күшіне енетін Әлеуметтік кодекс болмақ. Әрбір отбасын – шағын мемлекетке теңесек, оның өз алдына дербес деректері жасақталуда. Бұл тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін алдын-ала болжап, олардың әлеуметтік жағдайына жасалатын сараптама, барлық мәлімет қамтылған база. Сондықтан кімге қандай көмек керек, қолдауды қажет ететін отбасылар болса, оларды есепке алу, болашақ зейнеткерлердің қамсыз өмірі үшін бірқатар жобалар атқарылуда.

Біз үкіметтік емес ұйымдар қашанда Мемлекет басшысының реформаларын қолдаймыз. Оны жүзеге асыруға үлесімізді қосуға дайынбыз.

Күлбаршын Балхашқызы Нұржігітова,

 «Мүгедек Әлемі» ҮЕҰ төрайымы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз