Халық сайлауда белсенділік танытып жатыр — Әсем Қайдарова
Президент сайлауы жаңа саяси дәуірге жол ашады. Осылай деген алматылық сарапшылар саяси зерттеулер орталықтарының мамандары өзара пікір алмасты.
Олардың сөзінше, халық қараша айына жоспарланған сайлаудан зор үміт күтіп отыр. Тұрғындар ел тізгінінде қоғамды алаңдатқан түйткілді мәселелерді оңтайлы шешіп, мемлекетті әрі қарай дамытатын басшыны көргісі келеді. Яғни, Қазақстанның дамыған, деморкатиялық елдердің қатарына енгенін қалайды. Жиынға қатысушылар науқанның мерзімінен бұрын өтуіне сыртқы геосаяси және ішкі мәселелер себеп болды дейді.
Әсем Қайдарова, «Қазақстандық Қоғамдық даму институты» КЕАҚ басқарма басшысының орынбасары:
Қоғамда әлеуметтік экономикалық мәселелерге біз назар аудара бастадық. Халыққа сайлаудан кейінгі күтілетін нәтижелердің қалай орындалуы, көп нәрсе толғандырады халықты. Бізде мысалы белсенділікті зерттеген кезде, респонденттердің 70 пайызы сайлауға қатысуға дайын. Яғни, белсенділік танытып отыр.