Елдікті сақтаудың бағдары

21549308 ffcb 42ab 8d2e 749005a52a13 Саясат

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Мемлекетіміздің ұлық мерекесі тәуелсіздік күні қарсаңында әрбір қазақстандық үшін, әсіресе еліміздің жастарына бағытталған «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығын жариялады. 

23 қарашада өткен «Nur Otan” партиясы Саяси бюросының кеңейтілген мәжілісінде жас отандастарға жолдаған бұл үндеуде тәуелсіздікті нығайту, қоғамдағы бірлік пен келісімді сақтау, білім мен еңбекті басты құндылық ретінде қабылдау, ата-бабамыздан аманат болған кең байтақ жерімізді сақтау, ұлттық мәденитетіміз бойынша алдағы уақытта да басшылыққа алатын қағидаттар айтылды. 

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев биылғы қаңтар айында жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында атаулы датаның маңызына жан-жақты талдау жасай келе, «Тәуелсіз ел болу оны жариялаумен немесе мемлекеттің іргетасын қалаумен шектелмейді. Тәуелсіздік үшін нағыз күрес күнделікті еңбекпен, үздіксіз әрі дәйекті елдік саясатпен мәңгі жалғасады. Біз қуатты тәуелсіз мемлекетімізбен ғана ұлт ретінде жер бетінде сақталамыз. Осы айнымас ақиқатты берік ұстануымыз қажет. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» деген бір ауыз сөз мәңгі ұранымыз болуға тиіс» деген еді.  

«Елдіктің жеті тұғыры»  қағидаттары да ең алдымен Тәуелсіздіктіктің ең қастерлі құндылық екенімен басталады. Тәуелсіздіктің 30 жылында 10 млнға жуық жас өмірге келген екен. Осы ұрпақ Қазақстанның келешегі мен дамуына жауапкершілікпен қарауы,  ұлтқа қызмет етуге мүдделі болуы керек. Біз Қазақстан кең байтақ ел, әлемде жер көлемі бойынша 9-шы орынды аламыз деп мақтанамыз, бұл ақпаратты бәріміз жақсы білеміз. Алайда осыншама жерді ата-бабамыз қалай өзіне алып қалды, талай-талай жойқын соғыстарда қалай аман-есен алып қалды дегенге көп мән бере бермейміз. Елбасы бірінші қағидатында айтады «Тәуелсіздік – кез-келген азамат үшін ең қастерлі құндылық. Тамыры терең тарихымызға құрметпен қарап, мемлекеттілігімізді қадірлеу, оны көздің қарашығындай қорғау – әрбір қазақстандықтың міндеті.

Жер жүзінде өз алдына дербестігі жоқ қанша ұлт пен ұлыстың барын ескерсек, еселі еңбекке арналған отыз жыл ұлт тарихында алтын әріппен жазылары анық. Бүгінде бірікен Ұлттар Ұйымының дерегі бойынша 193 мемлекет болса,  жер бетінде 2 мыңнан аса ұлттар мен ұлыстар бар екен. Сонда әлемдегі ұлттардың тең жартысынан астамы дербес мемлекеті жоқ деген сөз.  

Біздің өз мемлекетіміздің болу, өз жеріміздің болуы, Көк Туымыз бен Әрұранымыз – осы тәуелсіздіктің арқасы. Әрине, тәуелсіздікті мығым ұстап отыру оңай емес. Саяси, экономикалық, рухани тәелсіздікті еліміз саауатты парасатты мемлекттік саясат арқылы кезең-кезеңмен іске асырып келеді. Тәуелсіздікі нық ұстау – ол экономиканы нығайту, ал ол еңбекпен келеді. Елбасы жастарды еңбек етуге дайын болуға шақырды. 

Екінші қағидат – бірлік пен келісімді сақтау. Халқымыз әрқашан «төртеу түгел болса – төбедегі келеді, алтау араз болса – ауыздағы кетеді» деген емес пе, қанша қиындыққа кезддессек те қоғамдағы бірліктің арқасында елімізді бүгінгідей жетістіктерге қол жеткізді.

Ата-бабамыздан қалған асыл мұрамыз, алтын қазынамыз – кең байтақ қазақ жері, Елбасы Алтайдан Атырауға дейінгі жерімізді ұстап, көздің қарашығындай сақтауды үшінші қағидатта атап өтті. Жақында ғана өңірімізде болған «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда» Халықаралық конференциясы да бүгінгі жастарымызға қазақ мемлекеттілігінің тамыры тереңде жатқанын санасына сіңіру үшін жасалған рухани маңызды шаралар.

Отбасы тәрбиесі мен салт-дәстүрімізді сақтау, жаңа заманмен бірге келген жаһанданудың әсеріне төтеп беру, ата-бабамыздың ғасырлардан қалыптасқан түп-негізін білу де қағидаттың маңызды бағытын құрайды.

Ұлттық мәдениет пен руханилық, білім мен еңбек, прагматизм – бүгінді жастардың тәрбиесінде басымдыққа алатын бағдарымыз. 

«Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығы білім беру ұйымдары, мәдени мекемелер өз жұмысында әрдайым назарда ұстайтын қағитаттар. 

Саламат ИДРИСОВ, 

Х.Досмұхаиедов атынрдағы Атырау университеті Басқарма төрағасы – ректор, Атырау облыстық мәслихатының депутаты

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз