Ел өміріне оң өзгерістер керек

2019 06 09 foto tsik Саясат

Тәуелсіздік жылдарында ел өмірінде оң өзгерістер болды.

Елімізде бірнеше жаңа кәсіпорын, бірнеше жаңа оқу орны ашылды. Сондай оқу орнының қатарында С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті де бар. Қазір мұнда отандық, шетелдік мұнай-газ өнеркәсібіне қажетті мамандарды даярлай бастады.

Тәуелсіздік жылдарында еліміздің қоғамдық-саяси дамуында өзгерістер болғанын жаққа шығармаймыз. Қазір әр салада жұмыс істейтіндердің қатарында тәуелсіз Қазақстанда туған жастардың шоғыры көбейді. Жоғары оқу орындарында сондай жастардың легі білім алып жатыр. Олар студенттік басқармалар, волонтерлік қызмет, басқа да маңызды іс-шаралар арқылы еліміздің дамуына атсалысып, зор жауапкершілік жүгін сезініп отыр. Сондай жастардың ынтасынан елімізді жаңа жеңістерге жетелегісі келетінін аңғаруға болады.

Гүлзада Шакуликова,

Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі Атырау өңірлік штабының жетекшісі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз