Жарнама
Саясат

Ел ертеңінен үмітті

Кеше төрткүл дүние Қазақстанға көз тікті. Елімізде өткен сайлау әлем назарында болды. Демократиялық жолмен өткен сайлаудан ел азаматы ретінде мен де тыс қалмадым.
Менің ойымша бұл сайлау Қазақстанның саяси жүйесін толығымен қайта құру жолындағы маңызды қадам болды.  

Мемлекеттік қызмет саласы ардагері ретінде мен елдегі қандайма болмасын саяси оқиғалардан тыс қалып көрмеппін. Өзім бірнеше жыл аудандық ардагерлерін кеңесін басқарғанда да, Президенттің бастамаларын, Жолдауларын, Үкімет бағдарламарын үнемі насихаттап, ел ішінде түсіндіріп те жүрдік. Сондағы байқағаным, ел тыныштықты, бақуатты тұрмысты қалайтыны, бүгінгідей бейбіт те тыныш мемлекеттің өсіп-өркендеуіне үлестерін қоса беретіндіктерін айтады.
Бұл жолы да халық өз таңдауын жасады. Жаңа Қазақстанның болашағына дауыс берді.
Демек, ел ертеңінен үмітті.


Өтеп Нұриев,
мемлекеттік қызмет саласының ардагері

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button