Жарнама
Саясат

Депутаттар мұнай өңдеу зауытының қызметкерлерімен кездесті

Атырау облыстық мәслихатының «АMANAT» партиясы фракциясы депутаттары Атырау мұнай өңдеу зауытында Мемлекет басшысының жолдауы бойынша кездесу өткізді, — деп хабарлайды atr.kz

Өздеріңізге белгілі, ел Парламентінің VIII шақырылымының екінші сессиясының ашылуында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

aakp

Жолдау — ел өміріндегі маңызды әрі бағдарламалық құжат. Қазіргі кезде қоғамда осы Жолдаудың негізгі бағыттары бойынша талдау және таныстыру жұмыстары жүріп жатыр. Негізінен экономикалық бағытты қамтыған Жолдауда Мемлекет басшысы «Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету» деп атап өтті.

Сонымен қатар, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа бағыты, елді жүйелі жаңғырту шараларының нақты бағдарламасы қамтылып, онда орындау мен жүзеге асырудың нақты мерзімдерін көрсетіп берді. Шикізаттық өндірістен ет, сүт және астықты қайта өңдеу, өнеркәсіптік жылыжайларды дамыту басымдық болатын жоғары өңделген өнім өндіруге көшу, энергетикалық қауіпсіздік мәселелері, жаңа энергетикалық қуаттарды енгізу, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған ГРЭС-ті реконструкциялау және кеңейту арқылы шешу, Атом электр станциясын салу бойынша референдум, мұнай-газ саласының дамуы, арзан газбен қамту мәселелері барлық тұрғындарды толғандырады.

Кездесу барысында фракция депутаты, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры Саламат Идрисов білім мен медицина саласына баса назар аудару, жер қойнауын пайдаланушылардың жергілікті өңірлік әлеуметтік саланы қолдауы бойынша міндеттемелерді орындауы жайына да тоқталды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button