«Дамбыға балалар алаңы керек» дейді сайлаушылар

1533041621 article b СарапTime

Ауыл көркейіп келеді. Үміткерлердің сайлауалды бағдарламаларын көрген соң, ауылды дамытуға ниет білдіргендерімен таныстық. Қазіргі уақытта Дамбы ауылына балалар ойын алаңы аса қажет-ақ.

Кішкентайларымыз алаңсыз ойнайтын, заманауи алаң салынса дейміз. Үміткерлердің бағдарламаларында бұл мәселе көрініс тапқан. Соған қуаныштымыз. Өз таңдауымызды жасадық. Отбасымыздың өзге де мүшелері бүгінгі науқанға қатысып, дауыс беруге ниетті. Біз, аға буын өкілдері болғандықтан, үйреншікті дағдымен,  ерте келіп, дауыс бердік.    

Айман МУСАЕВА,
Балабақша қызметкері,
Дамбы ауылы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз