Жарнама
Саясат

Бизнесті дамыту үшін нақты бағдарды айқындады

Ерболат-Даулетказиев-1024x1024

Елбасы Жолдауында білім беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау саласына қатысты түзген мақсат-міндеттердің маңыздылығы ерекше. Бизнесті дамыту үшін нақты бағдарды айқындап берді.

Ал, білім саласында мұғалімдердің жалақысын көтеру, статусын бекіту, білім-біліктілігін арттыру секілді мәселелердің көтерілгені өте орынды болды. Аталған тақырыпқа қатысты менің 7-8 ұсынысым бар. Алдағы уақытта оны Парламенттегі әріптестеріме ұсынамын деген жоспарым бар.

Ұстаз статусы демекші, шетелде мұғалімдер министрлер секілді жоғары айлық алады. Тиісінше, оларға үлкен жауапкершілік жүктелген. Ал, біздегі педагогтардың жалақысы төмен, көпшілігінің жеке баспанасы жоқ, мәртебесі де анықталмаған. Сондықтан, мұғалім болғысы келетін жастардың қатары да азайып келеді. Келешекте бұл мәселені терең зерделеп, жіліктеу қажет деп ойлаймын.

Ерболат Дәулетқазиев, ҚКХП Атырау облыстық филиалының бірінші хатшысы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button