Саясат

Таңдайлық Алтыбаевтар жанұясы өз таңдауларын жасады

Таңдай ауылдық мәдениет үйінде орналасқан №222 референдум учаскесіне келушілер қатары артуда.

Болашақ ұрпақтың қамын ойлаған, өзгерістерге жоғары сенім білдіруші ауыл тұрғыны Қалығыз Избасова дауыс беру учаскесінің табалдырығын алғаш болып аттады. Сонымен қатар отбасымен келіп дауыс берушілер табылып жатты. Солардың бірі – Алтыбаевтар жанұясы.

– Келешегін ойлаған ел қашанда халқының қамын жасауға тырысады. Ата Заңымызға енетін өзгерістерге қанықпын. Бұрын Конституцияға түзету енгізгенде жоғарыда отырғандардың ғана даусы саналатын. Ендігі кезекте халықтың өз таңдауын жасауға мүмкіндік берілді. Бұл – деморкратияға бет бұрудың айқын көрінісі. Бүгінгі еліміз үшін маңызды күні жолдасым, ұлым үшеуміз өз таңдауымызды жасадық,- дейді отағасы Е.Алтыбаев.

Айта кету керек, Алтыбаевтар жанұясындағы Ералхан Сәкембай алғаш рет өз дауыс беруге қатысып отыр.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button