Жарнама
Саясат

БІЗДІ СЕНІМ БІРІКТІРЕДІ

 

Өйткені, Елбасы айтқандай,  «Әр ұрпақтың өз арманы бар» және соған жетуге деген ұмтылыс барлық қазақстандықтарға ғажап серпін беретіні кәміл. «Жаңа қазақстандық арман» атты тарауда «Шын мәнінде, осы бүкілхалықтық сенім кепілі біздің Болашағы Біртұтас Ұлт туындауындағы тарихи акт болды» деген жолдар бар. Шындығында да, біздің елімізді бүгінгідей кезеңде тек қана Ұлт Көшбасшысына деген үлкен сенім ғана біріктіре алады.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан басталған «5 институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі баршамызға да үлкен жауапкершілік жүктейтіні даусыз. Сонымен қатар, «Мемлекетті кәсібилендіру» тарауында мемлекеттік қызмет туралы жүйелі түрде кең ауқымда түсіндірілген. Бұның өзі мемлекеттік қызметшінің әр лауазымдық сатыға көтерілуі үшін маңдай терін аяусыз төгуі қажет екенін танытады. Мемлекеттік қызметшінің ар алдындағы тазалығы мен халық алдындағы парызы айқын жазылған. Шындығында да, ел үшін еңбек етіп, сол ар-қылы абыройға бөлену, төгілген тердің жемісін көру оңай емес.

«Құқық тәртібі және заңдылық» аталатын бөлімде заңдарды қатаң орындауға және құқық тәртібін нығайтуға аса мән берілген. Бұл тұрғыдан алғанда жақында қабылданған Азаматтық іс жүргізу кодексі мен «Жоғарғы Сот Кеңесі туралы» Заң жоғарыда айтылған принциптердің орындалуын жеделдетері шындық. Құқық тәртібі – өте бір өзекті іс. Жаңартылған заңнамалардың қоғамдағы сот жүйесін өзгертуге игі әсері тиетіні де айқын. Әділдіктің салтанат құруы үшін оған ықпал ететін факторлар болуы да тиіс. Бір сөзбен айтқанда, Ұлт жоспарын орындаудың кезі келді. Ол тек еліміздің бірлігі мен ұлтаралық достықты одан әрі нығайта түсері анық.

Ернар  ӨТЕШҚАЛИЕВ, Балықшы  ауылдық  округінің  әкімі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button