Жарнама
Саясат

Өзгерістер өмірден туындайды

Жаңа Қазақстанды жасау жолындағы берік ұстанымның бірі – өмірге өзгеріс енгізу.

Саяси реформаларды жүзеге асыру ісінде Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі күшеймек. Ассамблеяның биылғы сессиясына қатысқан Президент ұйым қызметінің басым бағыттарын айқындап берді деп оилаймын. Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін ел азаматтарының пікірі ескерілу керек. Яғни республикалық референдум өткізілуі тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында осындай ұсыныс жасады.

Саналы әрі сапалы түрде өзгеру үшін арнайы құрылған жұмыс тобы Конституцияның 33 бабына түзету әзірлеген. Яғни, Ата Заңның үштен бірі жаңарады. Оны жұрт құптай ма, жоқ па жалпыхалықтық дауыс беру арқылы айқындалады. Осылайша ел тағдырына қатысты маңызды шешімді қабылдауға әрбір азамат үн қосу керек.

Осындай аумалы-төкпелі кезеңде елдің тәуелсіздігі мен беркесін сақтаудың жалғыз жолы – ішкі татулық пен бейбітшілік. Бұл біздің мызғымас құндылығымыз. Мұны қаңтар оқиғасы кезінде айқын сезіндік. Енді өткеннен сабақ алып, болашаққа нық қадам басу үшін мемлекет азаматтарының бірлігін нығайтып, отаншылдық рухты көтеруге басымдық береді.

Айсұлу ОРАЗБАЕВА,

«Могикан» шағын зауытының басшысы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button