«Nur Otan» партиясы Атырау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

mur 1702 Саясат

Atr.kz/5 наурыз, 2020 жыл. «Nur Otan» партиясы Атырау қалалық филиалының партия активі өтті.

Онда партияның Атырау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне Бейбіт Темірбекұлы тағайындалды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының фейсбук парақшасында жария болды.

«Актив отырысы қала әкімі Қайрат Құлымұлының төрағалығымен өткізіліп, жиынға «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Жұмахметұлы, қалалық партия филиалы Саяси кеңес Бюро мүшелері, Атырау қалалық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракция мүшелері, қалалық партиялық бақылау комиссиясының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағалары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қатысты.

Қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Мырзағалиев әріптестеріне өзіне сенім артқандары үшін алғыс лебізін білдірді. Актив отырысында партия мүшелерінің белсенділігін арттыру, партия жұмысын жандандыру мақсатында нақты міндеттер қойылды» делінген парақшада.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

http://atr.kz/bez-rubriki/b%d3%a9ten-n%d3%a9mirli-k%d3%a9likterge-%d3%99zirge-shara-%d2%9boldanylmajdy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз