Бірлескен іс – берекелі
Жолдау жолдарынан:
«Мемлекет пен адамдардың күш біріктіруінің арқасында ғана біз Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құра аламыз»
Елбасы халыққа Жолдауында қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі басты басымдыққа айналуы тиістігін айтты.
Елдегі әлеуметтік саланы дамытуда азаматтық ұйымдардың маңызы зор. Облыста 600-ге жуық үкіметтік емес ұйым жұмыс жасайды. Сондықтан, олардың жұмысын жандандырып, қоғамдағы рөлін арттыру – бүгінгі күннің басты мәселесі.
Жыл басында ашылған «Атырау облысы ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі атқаратын негізгі қызметтің бірі де сол. Жұмысты жетілдіру бағытында бірнеше жоба қолға алынып, «Үкіметтік емес ұйым мектебі», «Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі» сынды игілікті істер жүзеге асырылуда. Орталық арқылы жыл басынан бері 10-ға жуық жоба іске асып, төрт үкіметтік емес ұйым «ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы қоры», «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ұйымдастырған конкурстардың гранттары мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қаржылай қолдауға ие болды.
Әйгерім ДОСҚАЛИЕВА,
«Атырау облысы ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығы» КММ-нің директоры.