«Халықтың пікірі ескерілуі керек»

roporpop Саясат

Елдегі елеулі өзгерістердің өмірімізге енетініне сенім артып, дауыс берген тұрғындар саны түстен кейін де артты. Әсіресе, дауыс беруге ынта-ықылас танытып келген жастардың қатары көп.

Қаладағы «Тағылым» мектебіндегі №34 референдум учаскесінде 1112 тіркелуші болса, оның 476-сы дауыс берді.

«Елсана» руханият клубының төрағасы Нұржан Ермұханов та дауыс беру учаскесіне келіп, пікірін білдірді.

– Сәуір айында Қазақстан Халқы Ассамблеясының XXXI сессиясына қатыстым. Сол жиында ел Президенті жалпыхалықтық референдум өткізу туралы ұсыныс айтқан болатын. Сол уақыттан бері бүгінгі күнге дейін референдум өткізу туралы қызу талқыланып, бірнеше елдімекенге барғанда халықтың ой-пікірлерін естіп жүрдік. Конституцияға енгізілетін өзгерістерде көрсетілгендей, жердің асты-үстіндегі қазба байлығы мемлекеттің емес, халықтың меншігінде болуы керек деген сөз көпшіліктің көңілінен шығып жатты. Хан мен қараның құқығының бірдей болуы туралы айтылған пікірлерді де қолдап жатты. Президенттің айналасындағы ағайын-тумасының квазимемлекеттік мекемелерді басқара алмайтындығы да халықтың көкейінен шықты. Керісінше әрбір азамат білімі мен тәжірибесіне қарай мүмкіндікке қол жеткізе алатындығы айтылды. Парламент, Конституциялық сот, Жоғары аудиторлық палата туралы халықтың арасында кеңірек түсіндіру жұмыстары жүргізілген болатын. Елдің болашағы үшін, мемлекетіміздің демократиялық дамуына, оның қалыптасып, өркен жаюына елдің азамат ретінде дауысымды бердім. Еліміздің гүлденіп, көркеюіне тілекшімін, – деді облыстық мәслихат депутаты Нұржан Мақсотұлы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз