Жарнама
Саясат

Бейбітшілік аспаны

Қазақстан халқы Ассамблеясы XXIV сессиясынан кейінгі ой

«Атырау – Астана» бағытындағы ұшақ әуеге көтерілді. Бақытымызға қарай, сол күні ауа райы тамаша болды. Аспан шайдай ашық. Ақша бұлтты жара жүйіткіген ұшағымыз Астанаға қарай асығып келеді. Иллюминатордың ар жағындағы әсем көрініс, түйдек-түйдек бұлтқа тесіле қарап отырып, ойға шомып кеткен болсам керек, жанымдағы жолаушылардың өзара орын ауыстырғанын байқамай да қалыппын. «Бейбітшілік аспаны» дегеніміз осы екен ғой, алаңсыз ұшып келеміз» деп күбір етті жанымда отырған әжей.

«Шүкір» деп қостағаныма ырза болғаны, әлде өзінің ішкі ойымен арпалысып отырғаны белгісіз, кәрі тарихтан қалған мәңгілік естеліктей бет-жүзін түгел басқан әжім бір уақыт жазылып, нұрланып кеткендей болды. «Біз соғысты көрдік қой. Мына сендердің жақсы өмір сүріп, алаңсыз ойнап-күлулерің үшін ата-бабаларымыз өз жандарын құрбан етті» деді әжей. Мен үндемедім. Өмірдің тұщысынан гөрі, азабын көп көрген кейуананың өткен күндер елесін тағы бір мәрте ой елегінен өткізуіне кедергі келтіргім келмеді.

Толық нұсқасын газеттен оқи аласыз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button