Жарнама
Саясат

Балаларымыздың болашағы бүгіннен басталмақ

«Мың қосшыға – бір басшы» дегендей, бүкіл ел болып, үлкен-кіші болып – бәріміз Президентке үміт артамыз, сол кісіден жақсылық күтеміз. Шыны керек, Қасым-Жомарт Кемелұлының әрбір Жолдауынан біз ерекше жаңалық, соны серпін тосамыз. Бұл жолы да ол кісінің сөзі ойымыздан шығып жатыр.

Солардың бастысын атасам, ол, сөз жоқ, отбасына, ана мен балаға қатысты айтылған мәселелер. Әсіресе, сәби күтімімен отырған аналар бұрын жәрдемақыны баласы 1 жасқа толғанша алып келген болса, енді жаңа 2023 жылдан бастап 1 жас 6 айға дейін алатын болады. Бұл – үлкен көмек. Сосын Президенттің мектепке дейінгі жастағы кішкенелерді балабақшамен қамту, тәрбиешілердің білім-білігін арттыру, Ұлттық қордағы қаржының 50%-ы 18 жасқа дейінгі балалардың есепшотына аудару, белгілі бір кәсіппен айналысқысы келетін жастарға несиені 2,5 пайызбен беру, ал білім алушыларға оқу ақысын төлеуге 2-3 пайыз өсіммен ғана несие ұсыну жайлы айтқан сөзі әрбір ата-ананың көкейінен шықты деп ойлаймын.

Қай кезден әйел-аналардың еңбегі ұшан-теңіз. Олар өмірге бала әкеледі, бағып-қағады, үлкен азамат болуына септігін тигізеді. Сөйтіп жүріп түздегі жұмысынан да қол үзбейді. Осы Жолдаумен танысқан әрбір әйел-ананың өздерінің зейнет жасының 2028 жылға қарай 61 жас болатынын есітіп, қуанып жатқаны рас. Жақсылықтан үміт үзбейік, аналар, біз қашан да Президентпен біргеміз!  

Сандуғаш КУКЕНОВА,

«Аналарға қолдау» ҚБ жетекшісі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button