ТАҒАЙЫНДАУ

Атырау облысы әкімінің өкімімен:
Ожаев  Нұрлыбек  Жұм-ахметұлы Атырау облысы, Атырау қаласының әкімі болып тағайындалды.

Ожаев Нұрлыбек Жұмахметұлы 1964 жылы Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет селосында дүниеге келген.
Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін инженер-механик және құқықтану бакалавры мамандықтары бойынша бітірген.
Жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, «Ынталы» совхозында жөндеу шебері болып еңбек жолын бастаған. Кейін «Ынталы» совхозы комсомолдар комитетінің хатшысы болған.
1989 – 1991 жылдар аралығында Атырау облысы Махамбет аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болды.
1992 – 1994 жылдары – Атырау облысы Махамбет аудандық әкімшілігінің аға референті, Махамбет аудандық жастар істері комитетінің төрағасы, Махамбет аудандық  жастар істері, туризм және спорт басқармасының бастығы.
1994 – 2003 жылдары – Махамбет ауданы әкімі аппаратының жетекшісі, ұйымдастыру-инспекторлық және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі, Махамбет селолық округінің әкімі.
2004 – 2005 жылдары – «Облыс жолдары» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары.
2005 – 2006 жылдары – Атырау қалалық мәслихаты аппаратының жетекшісі, Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы.
2006 – 2009 жылдары – Атырау қаласы әкімі аппаратының басшысы.
2010 – 2013 жылдары – «Аджип ҚКО» компаниясының Батыс Ескенедегі мердігерлердің еңбек заңдылықтарын сақтауын қамтамасыз ету, персоналды басқару жөніндегі үйлестірушісі. 
2013 – 2014 жылдары – Атырау облысы Исатай ауданының әкімі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз