Жарнама
Саясат

БАЙЛАНЫС ОДАН ӘРІ НЫҒАЯДЫ

 

Кезекті Жолдауға олар да ерекше көңіл бөліп, қолдау-ықылас танытуда. Көрші мемлекет болғандықтан  Қазақстандағы жағдай ресейліктерді де бейжай қалдыра алмасы анық. Бұл ретте біздегі кәсіпкерлік секторының 2015 жылы жаңа экономикалық саясат жағдайында дамып, екіаралық байланыстың бұрынғыдан да бетер нығая түсетіндігіне сенімді. Әсіресе, еліміздегі түрлі мемлекеттік құзырлы органдар тарапынан шағын  және орта бизнесті тексерудің азайтылып, оның механизмінің түбегейлі өзгеріске ұшырайтындығы қызықтырады.

Соңғы жылдары Ресейдің Волгоград, Астрахан қалаларының бизнесмендері мен Атырау аумағының, соның ішінде Жылыой ауданы кәсіпкерлерімен арадағы байланыс нығайып келеді. Көп алысқа бармай-ақ, Құлсары қаласының базар сөрелерінде самсап тұрған табиғи ара балының түрлері – сол сөзіміздің бір дәлеліндей. Өйткені, адам ағзасы үшін емдік қасиеті зор бал орыс ағайындардың бізбен көршілес аумақтарынан тасымалданатыны анық.

Ресейліктердің назарын аударған Жолдау қазақ халқының көкейіндегісін тап басты. Онда ұлан-байтақ жеріміздің батысы мен шығысын, солтүстігі мен оңтүстігін бір-бірімен байланыстырар алдыңғы қатарлы заманауи көліктік инфрақұрылым туралы кең қамтылған. Бұл  жарқын болашаққа апарар жол болып табылды. Бірінші кезекте негізгі автожолдар жобасын жүзеге асыру көзделген. Дәлірек айтқанда, кең дала төсін кесіп өтетін Батыс Қытай-Батыс Еуропа, қала берді Астана-Алматы, Астана-Өскемен, Астана-Ақтөбе-Атырау, Алматы-Өскемен, Қарағанды-Жезқазған-Қызылорда, Атырау-Астрахан тас жолдары әлемдік талаптарға жауап беруі тиіс.

Жолдаумен тұтастай танысқанда – елді әлемдік дағдарыс зардаптарының дүмпуіне соқтырмай аман алып шығу секілді стратегиялық зор мақсат тұр.

Меңдібай Хайруллин,

«Нұр Отан»

партиясының мүшесі,

Жылыой ауданының Құрметті азаматы.

 

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button