Ауыл әкімін сайлау — ортақ жауапкершілік
Биылғы жылы 25 шілдеде Аққыстау ауылдық округі әкімін сайлау өтеді. Аққыстау ауылдық округінің сайлауына қазіргі таңда 3 үміткер кандидат ретінде тіркелді. Оның бірі «Nur Otan» партиясынан, екіншісі «Ауыл» партиясынан ұсынылып отыр, үшіншісі — өзін-өзі ұсынушы Жанбай ауылының тұрғыны. Барлық кандидаттың құжаттары тексерістен өтіп, 14 шілдеден бастап үгіт насихат шаралары жүргізілуде.
Сайлауға 6 сайлау учаскелері қатысады. Оның бесеуі — Аққыстау орталығында, біреуі — Томан елді мекенінде орналасқан. Учаскілердің дайындығы бір қалыпты жақсы. 23 шілдеге дейін барлык учаскілер дайын болады деп есептеп отырмыз.
Аудан бойынша сайлаушылар санын 3 шілде күні жергілікті сайлау органынан алдық.
Ауданда 6269 сайлаушы бар. Қазіргі таңда олардың барлығы комиссиялармен тексеріліп, жеке-жеке үй жайларына шақыру қағаздары таратылып, сайлау өтетін уақытымен, тұрғылықты жері толық таратылуда.
Бұл сайлаудың басқа сайлаулардан ерекшелігі сол, бұрын бізде ауыл әкімін әкімдермен тағайындап жүрсе, биылғы жылы халық тікелей өздері әкімдерін сайлайды, өздері таңдау жасайды. Халық өздері таңдайтынын жаңа бастамаға ризашылық білдіріп отыр.
Сәбит Меңдібаев,
Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы