Махамбет Досмұхамбетов әкімдер рейтингінде көш бастады

whatsapp image 2020 07 22 at 15.35.06 2 Жаңалықтар

Atr.kz/28 шілде, 2020 жыл. «Қамшы» порталы жүргізген әкімдер рейтингінің қорытындысы жария болды. Сауалнамаға қатысушылардың әкімдерге бір рет дауыс беруі арқылы көп дауыс иесі анықталды.

Портал сауалнамасының қорытындысына сәйкес, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов са­уалнама қатысушыларының 27,8 пайыз (6471) дауысын жинап, рейтингте көш бастады. Екінші орында – Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов. Ол 20,1 пайыз (4669) дауыспен екінші сатыға жайғасқан. Үздік үштікті тәмамдаған Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов 14,6 пайыз (3393) дауысқа қол жеткізді.

Сауалнама нәтижесіне сай, әкімдер рейтингінің толық тізімі төмендегідей: Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев – 8,4% (1955), Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев – 6,6% (1533), Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова – 4,9% (1135), Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин – 4% (942), Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев – 3,7% (853), Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов – 3,1% (724), Ал­маты облысының әкімі Амандық Баталов – 1,3% (300), Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев – 1,3% (293), Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов – 1% (234), Нұр-Сұлтан қаласының ә к і м і Алтай К ө л г і н о в – 1% (223) , Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов – 0,8% (177), Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев – 0,6% (139), Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов – 0,5% (123), Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек – 0,4% (94).

Аталған портал бұған дейін де арнайы сауал­намалар ұйымдастырып к е л е д і . Ө т к е н ж о л ы «Үкімет таратылса, қай шенеуніктің қызметінде қалғанын қолдайсыз?» са­уалнамасында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 58 994 дауыс жинап, рейтингте бірінші орын алған-ды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз