Жарнама
Саясат

«Ауыл әкімі әлеуметтік мәселелерді шешу керек»

Ауыл әкімдерін сайлауға кімдер үміткер бола алады? Яғни, ауыл әкімі болу үшін қандай бағдарлама жасақтау қажет?

Бұл туралы Атырау қаласының Құрметті азаматы Санат Тілепбергенов өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Ауылдың нақты қазіргі тыныс-тіршілігімен таныс азамат әкім болуы керек деп ойлаймын. Білімді, білікті болу аздық етеді, жан-жақты болған жөн. Өйткені, бүгінде ауыл әкімдерінің алдында тұрған міндеттер өте көп. Соның ішінде, жасыл-желек жайқалту, су құбыры мен сорғы тарту, спорттық алаңдар салу, жарық жүйелерін жүргізу және басқа да проблемалар жетерлік.

Тағы бір мәселе, бір пұшпақ жерге зар болып жүрген шаруаларды ауыл әкімдері көп жағдайда басқа құрылымдарға сілтеп жібереді. Сондықтан әкімдердің құзыретін қайта қарау қажет. Бір жерді алу үшін бірнеше жыл жүгіріп жүруден халық әбден шаршады. Артық қағазбастылықтан арылуымыз қажет» дейді ардагер балықшы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button