Мерекедегі марапат мерейді өсірді

4becfe0c 641a 477a 8c4e 7bbd959a8b54 Саясат

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты шара Атырау облысы бойынша ҚАЖ Департаменті қызметкерлерінің қатысуымен санитарлық нормаларды сақтай отырып аталып өтті. 

Мерекелік шара «Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында» бастау алып, Атырау облысы Әкімінің алғыс хаттарын облыс әкімінің орынбасары Қайрат Әскербекұлы Бекенов табыстады. Кейіннен салтанатты жиын Атырау облысы бойынша ҚАЖ Департаментінде жалғасын тауып алғашқы құттықтау сөз Департамент бастығы әділет полковнигі Манарбек Серікқалиұлы Габдуллинге берілді. Департамент бастығы мереке қарсаңында өз қызметтік міндеттерін адал атқарған, қызметте жоғары жетістіктерге қол жеткізген қызметкерлер мен ардагерлерді марапаттау туралы ҚР Президентінің жарлығы, ҚР денсаулық сақтау министрлігігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, , Полиция департаменті бастығының және Қылмыстық – атқару жүйесі департаменті бастығының алғыс хатымен төс белгілерін табыстады.

9c7b41e9 990a 47f8 8fd3 e4d1265a8ac5

Марапаттау рәсімі аяқталғаннан соң, Қылмыстық – атқару жүйесінің құрметті ардагері Қази Шакирұлы Дайров, ҚР Президентінің жарлығы бойынша Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеуге байланысты, «Халық алғысы» медалімен мараптталған 157/9 мекемесінің мейір бикесі Шабдарова Гүлнар Мақсотқызы, ҚР Президентінің жарлығы бойынша Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеуге байланысты, «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалімен  мараптталған Майра Хабдулкарымқызы Метенова құттықтау сөзін сөйлеп, өз алғыстарын білдірді. Сонымен қатар ІІО бірқатар ардагерлерін тұрғылықты мекен-жайларына барып құттықтады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз