Жарнама
Саясат

Ауыл әкімдерін сайлау — демократиялық қоғам құруға маңызды қадам

Баршаңызға мәлім, биыл 25 шілде күні еліміздің тарихында алғаш рет аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдар мен кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауы өтеді. Бұл мемлекет басшысы айтқандай қоғамымыздың демократиялық даму жолына нық қадам басқанының көрінісі.

Кеше, 14 шілде 18.00-де кандидаттарды тіркеу аяқталып, сайлаушылар арасында үгіт-насихат жүргізу науқаны басталды. Атырау облысы бойынша сайлау 18 ауылдық округ бойынша өтеді. «Nur Otan»партиясынан 15 кандидат тіркелді.

Партиямыздан түсіп жатқан үміткерлердің 26,7% – 35 жасқа дейінгі жастар, 6,7%- әйелдер. Олардың арасында былтыр өткен партияішілік праймериздің қатысушылары мен бастауыш партия ұйымдарының төрағалары бар. Кандидаттардың орташа жасы – 47 жас. Кандидаттар арасында мұғалімдер, ветеринар, агроном, фермер, қаржыгер, инженер және т.б. бар. 54 адам кандидаттардың сенімді өкілі ретінде тіркеліп, 65 адамнан құрылған байқаушылар тобы жасақталды.

«Nur Otan»-ның міндеті – тек сайлауда жеңіске жету ғана емес, ауылдардың дамуына жүйелі жағдай жасау, азаматтардың нақты мәселелерін шешу. Партия өз кандидаттарын ұсына отырып, бірінші буын әкімдердің ел Президенті ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында халықпен өзара әрекеттестігінің жаңа мәдениетін қалыптастыра отырып, заманауи тәсілдерді ендіруде. Барлық кандидаттар мен сенімді өкілдер партияның Саяси менеджмент мектебінің базасында семинардан өтті, қажетті ұйымдық, әдістемелік және басқа қолдаумен қамтамасыз етілді. Олардың әрқайсысында аудан мен ауылдың мүмкіндігін ескере отырып, партия қолдауымен қамтамасыз етілген нақты сайлауалды бағдарламасы тұжырымдалған.

Партиямыздың Лидері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, нұротандықтардың басты қағидаттары – жауапкершілік, командалық рух, партия идеалдары мен құндылықтарына беріктік. Тәуелсіздік аясындағы 30 жыл ішінде еліміз әртүрлі қиындықтар мен сынақтарды бастан кешірді. Әйтсе де, біз оларды әрдайым еңсеріп, бірлігіміз артып, қуатты бола түстік. Қазіргідей сын-қатерлер жағдайында «Nur Otan»-ның оларды еңсеру бойынша нақты бағдарламалары мен құралдары, партияластары мен қоғам белсенділері, саяси ерік-жігері мен шешімтал іс-қимылы бар.

Қазақстандықтардың қолдауымен «Nur Otan» партиясы әрі қарай да ел басшылығы межелеген барлық жоспардың іске асырылуын қамтамасыз етуді жалғастыра береді.

Арман Азаматов,
«Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы

Related Articles

One Comment

  1. Ассалаумағалайкум. Бізде бір рет депутатка кондитатымызды ұсыныс жасайык деп едик.өтіп кетсек керемет болар еди.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button