Атыраулық жастар референдумды қолдайды

img 20220516 wa0129 Саясат

Атырау қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Серік Қадыров белсенді студенттермен және жастар ісі жөніндегі комитет жетекшілерімен кездесті деп хабарлайды ATPress.kz.

Басқосуда орталық басшысы жастарға 5 маусым күні өтетін референдум жайында түсіндіріп өтті және саяси науқанға үн қосудың ел болашағы үшін қаншалықты маңызды екендігіне тоқталды.

Айта кетейік, кездесуге аймақтағы алты бірдей білім ошағының студенттері қатысты.

Серік Қадыров 18 жасқа толған студенттерді референдумға қатысуға шақырып, кәмелетке толмағандарға түсінік жұмыстарын жүргізуге атсалысуға кеңес берді.

Еске сала кетелік, 5 маусым күні елімізде жалпыхалықтық референдум өтеді. Референдум аясында Конституцияның 33 бабына өзгерістер енгізіледі деп күтілуде.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз