Жарнама
Саясат

Атырауда Республика күніне арналған Гала-концерт өтті

Республика күніне орай Бейбарыс алаңында мерекелік Гала-концерт өтті.

Тарих аренасына қайта оралған мереке — Республика күнінің тарихы тым тереңде жатыр. Ел болуды аңсап сан ғасыр ат үстінен түспеген бабалардың арманы ХХ ғасырдың аяғында жүзеге асқандығы белгілі. Осыдан тура 32 жыл бұрын 1990 жылы 25 қазанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы Декларация қабылданған болатын.

Шарада Атырау облысының әкімінің орынбасары Жасұлан Орақұлы Бисембиев қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады.  

– Республика күні қазақстандықтардың патриоттық сезімін оятатын, жігер беретін тамаша мереке. Өйткені, қазақстандықтарда жалғыз ғана Отан бар. Ол -қасиетті Қазақстан. Мерекелеріңізбен, ардақты атыраулықтар! Ел тәуелсіздігін нығайтуда Атыраудың орны айрықша. Отыз жылдан астам ел экономикасын көтерген негізгі күштің бірі —  Атыраудың мұнайы мен газы, ару Астанамыздың сәулетіне салтанат қосқан да  — Атыраудың қазына байлығы. Атырау — Исатай мен Махамбеттей батырлардың, Құрманғазы мен Динадай күй алыптарының, Хамит, Жұмекен, Фаризадай жыр биіктерінің туған топырағы. Осы аталған ұлы тұлғалардың барлығы да азаттық үшін айқасқан жандар, — деді облыс әкімінің орынбасары.

Мерекелік концертке өңіріміздің өнерпаздары, Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармония әншілері және де отандық эстрада жұлдыздары Айдана Меденова, Серік Ибрагимов және «Орда» тобы өнер көрсетуде.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button