Атырауда дауыс берушілердің жартысынан көбі қатысқан

img 20220605 wa0265 Саясат

Республикалық референдум жалғасуда. Соңғы мәліметтерге сай, дауыс берушілердің жартысынан көбі дауыс беруге қатысқан. Түстен кейін де келушілер аз емес.  Алмагүл ықшам ауданындағы № 7 қалалық емхана ғимаратында орналасқан №92 референдум учаскесіне біз бас сұққан уақытта да келушілер қатары көп болды.

«Жалпыхалықтық референдумға дайындық, ұйымдастыру шараларының тиянақты жүргізілгенінің көрінісі осы болса керек, заңға сәйгес жүргізілген жұмыстар барысында комиссия өкілдері үйімізге арнайы келіп, дауыс берудің, референдумға қатысудың маңызды екенін егжей-тегжейлі түсіндірді. Соның әсері ме, әлді халықтың да өз шешімі солай ма, әйтеуір бүгінгі науқанға келушілер қатарында отбасымызбен қатар, туыс, көршілеріміз де көп болды» дейді бізбен тілдескен қала тұрғыны, зейнеткер Қайырғали Әбілов.

«Таңертеңгі сағат 7-де дауыс беру науқаны басталған бойда ең алғашқы дауыс беруші келді. Халел Досмұхамедов атындағы Атырау Университетінің студенті Дәуірбек Жолдасқалиев өз таңдауын жасаған соң, естелік кітап табыстадық. Дауыс берушілердің ең көп тіркелген уақыты таңертеңгі 7-9 аралығында болды» дейді №92 референдум учаскесінің төрайымы Айман Қуанбаева.

Жалпы бұл учаске бойынша 2657 дауыс беруші тіркелген. Қазіргі таңда солардың 866-ы таңдау жасап үлгеріпті. «Олардың арасында отбасымен келгендер де, жастар, орта буын өкілдері де бар. Өз өтінішіне сай, 1 дауыс берушінің үйіне бардық» дейді Айман Олжағалиқызы.

Референдумның заңға сай өткізілуін қадағалайтын байқаушылар да бұл учаскеде бар. Партия, азаматтық альянс, кәсіподақ өкілдерінен құралған 8 байқаушы науқан барысын назарда ұстауда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз